Қазақстандық теннисші Недовесов Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 22:04 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Недовесов пен пәкстандық Айсам Куреши бастапқы кездесуін бразилиялық Рафаэль Матос және испандық Давид Вега-Эрнандеспен өткізді. Қазақстандық-пәкстандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Недовесов пен Куреши 1 сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан челленджер жарысында жекелей сында Дмитрий Попко алғашқы кездесуінде италиялық Лусиано Дардериден 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Ал Тимофей Скатов екінші айналымда Бразилияның бірінші, әлемнің 116-ракеткасы Тьяго Монтейроға тартысты матчта есе жіберді – 7:6 (7:5), 2:6, 6:7 (4:7).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: