Дархан Дүйсебай да Бакудегі жарыстың финалында жұдырықтасады
Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық бәсекесінің финалында бес қазақ боксшысы жұдырықтасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы болып жерлестерімізден ақтық айқасқа 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты.
Жартылай финалда ирандық Касра Тахмасевимен кездескен жерлесіміз ара-қашықтықты сақтай жүріп, қарсыласына лайықты жауап қатып отырды.
Соққыларын әлдеқайда дөп тигізуінің арқасында төрешілер бірауыздан Дарханды жеңімпаз деп таныды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript