Александр Шевченко Бухаресттегі ATP 250 турнирін жеңіспен бастады

Александр Шевченко Бухаресттегі ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 19:20 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (№72 ATP) Румыния астанасында өтіп жатқан "Tiriac Open-2026" грунттық турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы айналымда отандасымыз жергілікті теннисші Раду-Давид Турканды (№659 ATP) екі сетте – 6:2, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы айқын басымдық танытты: екі брейк жасап, сетті жарты сағатта өз пайдасына шешті. Екінші сетте есеп 5:2 болған тұста Шевченко қарсыласына айырманы барынша қысқартуға мүмкіндік беріп алғанымен, оныншы геймде ойынды тұрақтандырып, екінші матчболды сәтті пайдаланды.

Жекелей сынның екінші раундында Александр Шевченко Франческо Маэстрелли (Италия) мен Ботик ван де Зандшульп (Нидерланды) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Бухаресттегі турнирде қазақстандық теннисші жұптық сында да бақ сынайды. Ол венгриялық Фабиан Марожанмен бірге алғашқы айналымда жарыстың үшінші нөмірлі жұбы – Юки Бхамбри (Үндістан) / Майкл Венус (Жаңа Зеландия) дуэтіне қарсы қиын матч өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: