Жарақатынан кейін алаңға оралған Роналду гол соғып, бірден дубль тіркеді

Криштиану Роналду, футбол, әл-Наср, дубль, Сауда Арабиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2026 11:48 Сурет: Instagram/alnassr
4 сәуірге қараған түні Сауд Арабиясы чемпионатының 27-турында "Әл-Наср" өз алаңында "Әл-Наджма" клубын қабылдап, 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Құрама капитаны Криштиану Роналду өз мансабындағы 966-ншы және 967-нші голын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Криштиану Роналду 56-минутта пенальтиден гол соқса, 73-минутта ол әріптесінің берген пасын алыс бұрышқа дөп соқты. 

Бұл – Роналдудың жарақатынан кейін өткізген алғашқы ойыны. Португалдық шабуылшы бұған дейін жамбасын ауыртып алған болатын. Ол Испанияда емделді. "Әл-Наср" осы жеңістің нәтижесінде 70-ші ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінің бірінші сатысына нық жайғасты.

"Алаңға оралған қандай жақсы. Тек алға ұмтыламыз", деп жазды Криштиану Роналду желіде.

Бұған дейін Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: