Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР ҰОК
Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.
Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.
Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.
Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтағанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript