Мбаппе мен Куртуа Барселонаға қарсы матчта "Реалға" көмекке келуі мүмкін

Куртуа, Барселона, Реал , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 17:57 Сурет: Instagram/ReaLmadrid
Мадридтің "Реал" клубының көшбасшылары Килиан Мбаппе мен Тибо Куртуа 10 мамырда Испания чемпионаты аясында болатын матч кезінде алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бельгиялық қақпашының алдағы Барселонаға қарсы ойында Эль-классико сапында өнер көрсету ықтималдылығы мәселесі қазірдің өзінде шешіліп қойған, өйткені ол өз әріптестерімен бірге жаттығуға да кірісіп үлгерді.

Айта кетсек, Куртуа жамбас жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт ойыннан жырақтап қалған болатын және УЕФА Чемпиондар Лигасының маңызды матчтарына да қатыса алмады.

Сурет: Instagram/ReaLmadrid

Санының жоғарғы әрі артқы бөлігіндегі жарақатына байланысты ем-шара алып жатқан Килиан Мбаппеге келетін болсақ, оның "Барсаға" қарсы ойынға қатысуы, әзірге толыққанды шешілмеді. Бұл реттегі түпкілікті шешім 6 мамырда өтетін қосымша тексеру қорытындылары жарияланғанда белгілі болады.

Форвардтың өзі "Реалдың" жаттығу базасында жекелей дайындалуда.

Екі апта бұрын француз футболшысы маусымның қалған бөлігіне де қатыса алмауы мүмкін деген болжам жарияланған болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: