Billie Jean King Cup Junior: Қазақстан жасөспірімдері Гонконгты жеңіп, топтан шығу мүмкіндігін сақтады
Сурет: ktf.kz
Капитан Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің алғашқы екі кездесуін өткізді. Биыл ел намысын Каролина Лигай, Тамина Сәкен және Мариям Нұржан қорғап жатыр.
Жарыстың беташар матчында отандастарымыз фаворит саналған Жапония құрамасына 0:3 есебімен есе жіберген еді. Алайда екінші ойын күні Ярослава Шведованың шәкірттері өз жанкүйерлерінің алдында сепіліп, Гонконг командасын 2:1 есебімен ұтты.
Матч нәтижелері (Қазақстан – Гонконг):
- Тамина Сәкен – Ка Хей Ма – 6:1, 6:2;
- Каролина Лигай – Чиу Кван Нина Ванг – 0:6, 2:6;
- Мариям Нұржан / Тамина Сакен – Хиу Лам Элла Вонг / Ка Хей Ма – 6:4, 6:3.
Дәл осы жұптық сын Қазақстан құрамасы үшін шешуші болып, топтағы жағдайын түзеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта екі жеңіске жеткен Жапония көш бастап тұр. Ертең олар Гонконгпен кездеседі.
Қазақстан құрамасы үшін ертеңгі Тайландқа қарсы бәсеке тағдыршешті болмақ. Регламент бойынша, топтан үздік шыққан екі команда ғана әлем чемпионатының жолдамасына таласты жалғастырады.
Шымкенттегі іріктеу кезеңіне аймақтың ең мықты 16 жасөспірімдер құрамасы жиналды.
Бәсекелер 16 мамырға дейін жалғасады.