Дэвис және Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет финалдық кезеңде бақ сынайды
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Шымкентте 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар қола жүлде үшін матчта Таиланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Алдымен Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 7:5, 6:0 есебімен ұтты.
Әмір Омарханов 20 минут ішінде есепті 6:0, 1:0 қылды. Содан кейін таиландтық ойыншы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Қазақстан намысын Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлына қоса Дамир Жалғасбай қорғады. Капитаны - Сергей Квак. Дене дайындығы бойынша бапкер Дмитрий Костецкий.
Осылайша, күзде Испанияның Кордоба қаласында 16 жасқа дейінгі жаспірімдер арасында өтетін Дэвис және Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде алғаш рет қазақстандық қыздар мен ұлдар құрамалары бақ сынайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript