Қазақстан жасөспірімдер құрамасы теннистен әлем чемпионатына жолдама ала алмады
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша ширек финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы ¼ финалда Жапониядан 0:2 есебімен ұтылды. Жекелей сында Михаил Мищенко мен Ярослав Пшеничный жеңілді. Жапониялықтар жұптық финалдық ойынға шықпайтын боп шешті.
Қазақстандықтар жапониялықтарды жеңген жағдайда жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алушы еді.
Сергей Квактың шәкірттері бұған дейін 3 кездесу өткізген. Олар Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, кейінгі ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript