Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кімдер

Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кімдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 17:53 Сурет: olympic.kz
Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей көпсайыстың қорытындысы бойынша алтын медальді Ақмарал Ерекешева жеңіп алды.

Айбота Ертайқызы күміс жүлдеге ие болса, Айым Мейіржанова үздік үштікті түйіндеді.

Топтық жаттығуларда Астана құрамасы топ жарды. Шығыс Қазақстан облысының гимнастары күміс медаль еншілесе, Алматы командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық көпсайыста да Астана құрамасы жеңіске жетті. Шымкент спортшылары екінші нәтиже көрсетті. Алматылық гимнастар ел чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, сәуір айында Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзірбайжан) өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: