Астанада конкурдан Challenge Cup финалы басталды

Астанада конкурдан Challenge Cup финалы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 19:45 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Астанада ат спортынан ірі халықаралық турнирлер өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада Әлем кубогының кезеңі, Challenge Cup финалы, сондай-ақ, CDI1/CDI3 санатындағы жарыстар өтеді. Аталған додалардың барлығы Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) күнтізбесіне енгізілген.

Бәсекеге Бразилия, Колумбия, Үндістан, Марокко, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Эквадор, Ресей, Өзбекстан және өзге де елдердің спортшылары қатысады.

Жарыс бағдарламасына конкур мен атпен мәнерлеп жүру сайыстары енген.

Айта кетейік, 31 мамырға дейін жалғасатын бұл турнирлер 2026 жылы Германияның Ахен қаласында өтетін FEI әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: