World Boxing әуесқой боксшылардың әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылар да бар

Бокс, World Boxing, әуесқой боксшылар, әлемдік рейтинг , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 21:46 Сурет: olympic.kz
World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңартылған рейтингте қазақстандық былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көш басындағы орындарын сақтап қалды.

  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Наталья Богданова (70 келіге дейін) рейтингтің бірінші сатысында тұр.
  • Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.
  • Ал үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) түйіндеді.

Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында (Қытай) бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: