Рыбакина Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атанды
Сурет: ktf.kz
Спорт және спорттық бизнес саласындағы Metaratings Top Awards сыйлығы биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды 2026 жылғы наурыздың оны мен жиырмасы аралығында халықтық дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, әр номинациядағы үздік үш үміткердің ішінен біреуін жеңімпаз ретінде қазылар алқасы таңдады.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинап, "Жыл спортшысы" марапатына ие болды. Осылайша, Елена екінші рет спорт жанкүйерлерінің таңдауына ілікті. Белді басылымның 2024 жылы өткізген байқауы аясында да еліміздің бірінші ракеткасы "Жыл спортшысы" деп танылған еді.
Еске салайық, 2025 жылы Рыбакина мансабында алғаш рет WTA Finals турнирінде жеңіске жетті. Ал 2026 жылдың басында ол өзінің екінші "Үлкен дулыға" титулына қол жеткізіп, Australian Open турнирінің чемпионы атанды.
Биылғы маусымда Рыбакина әлем рейтиңінің бірінші сатысы үшін күрес жүргізуде. Қазіргі уақытта ол WTA рейтиңінде екінші орында тұр. Жақында Елена Лондондағы WTA 500 турнирін сәтті бастады.