U23 Азия чемпионатында төрт қазақстандық боксшы қыз 1/2 финалға өтті

Бокс, Индонезия, U19, U23, Азия чемпионаты, 1/2 финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 19:41 Сурет: olympic.kz
Бүгінде Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 шілдеде U23 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде төрт бұрымды боксшымыз жартылай финалға шықты.

Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Аяжан Ермек (60 келіге дейін) финалға шығу үшін сынға түседі.

Ал Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін) және Аружан Жаңабаева (65 келіге дейін) 1/4 финалда жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, U23 жас санатында жартылай финалдық бәсекелер 12 шілдеде өтеді.

Бұған дейін U19 Азия чемпионатында алты қазақстандық боксшы 1/4 финалға өткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: