Қазақстанда "Спортшылар кеңесі" құрылды

Жаңа ұйым, Қазақстан, Спортшылар кеңесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 19:58 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енген жаңа ұйым құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа ұйымның атауы "Спортшылар кеңесі" деп аталады. Ал оның құрамындағы спортқа еңбегі сіңген азаматтар саладағы проблемаларды дер кезінде анықтауға және шешуге атсалысуы тиіс.

"Спортшылар кеңесі отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады", делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жаңа органның құрамына енген атақты қазақстандық спортшылар арасында Ермахан Ыбрайымов, Серік Сәпиев, Ислам Байрамуков, Бақыт Сәрсекбаев, Бақтияр Артаев және басқалар да бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: