Венгриядағы турнир: Нұрқожа Қайпанов пен Асыл Айтақын еркін күрестен финалға шықты

Еркін күрес, Венгрия, Нұрқожа Қайпанов, Асыл Айтақын, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 20:57 Сурет: olympic.kz
Бүгін, 15 шілдеде Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнир басталды. Жарыс жолына алғаш болып еркін күрес шеберлері шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші жарыс күнінде қазақстандық Асыл Айтақын (61 келіге дейін) мен Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) финалға жолдама алды.

Асыл Айтақын алтын медаль үшін Түркия өкілі Толга Озбекпен күреседі. Ал Нұрқожа Қайпанов ақтық сында Қытай балуаны Фэн Лумен өзара мықтыны анықтайды.

57 келіге дейінгі салмақта Нұрданат Айтанов қола жүлде үшін канадалық Тимоти Левайнмен белдеседі.

Айта кетейік, жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша қола жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың саны артуы мүмкін. Финалдық кезең бүгін өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: