FIFA футболдан әлем чемпионаттарын өткізу құқықтарын сату бойынша түпкілікті шешім қабылдады

FIFA, футбол, әлем чемпионаттары, құқық, сату, Джанни Инфантино, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 09:18 Сурет: smotrisport.tv
FIFA президенті Джанни Инфантино бүгін түнде әлемдік футбол қауымдастығына үндеу жасап, Әлем чемпионатының құқықтарын жеке инвесторларға сатудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мундиаль құқықтарын сатуға қатысты бұл даудың басталғанына бір апта болды. Тіпті, дау-дамайдың ушыққаны сонша, бұл жағдай бүкіл әлемдік футбол қауымдастықтарын жікке бөлу қаупін төндірді.

Жуырда аталған жобаны іске асыруға бірден үш ірі ассоциация қарсы шықты, бұл — әлемдік футболдағы дауыстардың 75%-ы.

Нәтижесінде Джанни Инфантино тығырыққа тіреліп, өз қателігін "сыпайы" түрде мойындауға мәжбүр болды.

"FIFA Forward Enterprise (FFE) жобасы ұйымға мүше ассоциацияларымыз бен бүкіл әлемдегі футболды, әсіресе оны қолдауға аса мұқтаж елдерде одан әрі нығайта түсуге негіз қалауы тиіс еді. Жоба FIFA мүшелерінің көпшілігі қолдаған жағдайда ғана және әрдайым олармен, FIFA кеңесімен, конфедерациялармен әрі мүдделі тараптардың кең ауқымымен кеңесе отырып қана жүзеге асырылар еді. Дегенмен, бұл жобаның арасында қолдау тапқанына қарамастан, келіспеушіліктер тудыра отырып, бастапқыда қойылған мақсатқа енді сай келмейтіні белгілі болды". Джанни Инфантино

Белгілі болғандай, FIFA-ның бұл әрекетіне алғаш болып қарсы шыққан УЕФА ассоциациясы еді. Олар алдағы мундиальға бойкот жариялаймыз деп сес көрсетіп қана қоймай, әлем чемпионатының өз нұсқасын өткізуді жоспарлаған болатын.

Айта кетсек, шілде айының соңында FIFA президенті Джанни Инфантино Әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сату жайлы жобаны қолдаған жағдайда ұйымға мүше елдерге 40 млн доллардан үлестіруге дайын екенін айтып, әрі бұл шешімді қабылдауға 53 күн уақыт беретінін ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: