Алматыда жасөспірімдер арасында "Ролан Гаррос" турнирінің іріктеу кезеңі өтеді

Алматыда жасөспірімдер арасында "Ролан Гаррос" турнирінің іріктеу кезеңі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 21:05 Сурет: ktf.kz
17-22 тамыз аралығында Алматыда 2027 жылғы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турниріне іріктеу жарыстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байрақты бәсекеде Орталық және Батыс Азия елдерінен келген 16 үздік ұл мен қыз теннисші бақ сынайды. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін финалдық турнирге жолдама алады.

Сол жарыста жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.

Алматыда Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауыржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко ел намысын қорғайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: