Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы нешінші орын алды

Волейбол, Қытай, әйелдер, Азия чемпионаты, Қазақстан  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 17:05 Сурет: olympic.kz
Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті. Үш матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар бір жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, өз тобында үшінші орынға тұрақтады.

Турнир талаптарына сәйкес, әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ, үшінші орын алған құрамалар арасындағы көрсеткіші жоғары екі команда ширек финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы олардың қатарына ене алмай, жүлде үшін таласты жалғастыра алмады.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тоғызыншы орынға ие болды.

Қытай, Таиланд, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары жүлдеге таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: