Ислам Махачевтің келесі қарсыластары белгілі болды: тізімде Шавкат Рахмонов та бар

Ислам Махачевтің келесі қарсыластары белгілі болды: тізімде Шавкат Рахмонов та бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 13:55 Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
UFC чемпионы Ислам Махачевтің жаттықтырушысы Хавьер Мендес шәкіртінің келесі жекпе-жегінде қарсылас болу ықтималдығы жоғары үш спортшыны атады. Олардың қатарында қазақстандық Шавкат Рахмонов та бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 1 қыркүйекте Sports.kz жазды. Басылым мәліметінше, өткен айда Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады. Ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Хавьер Мендестің айтуынша, қазір Ислам Махачев үшін ықтимал қарсыластар тізімінде үш спортшы бар. Олардың қатарында Қазақстаннан шыққан бұрынғы титулға үміткер Шавкат Рахмонов та бар.

"Ислам жекпе-жек өткізуге дайын. Өздеріңіз естідіңіздер, ол Рамазанға дейін жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Пратеспен кездесеміз деп үміттенемін. Егер Пратеспен болмаса, басқа біреумен жұдырықтасады. Жалпы, менің тізімімде үш адам бар: Майкл Моралес, Карлос Пратес және Шавкат Рахмонов. Исламның осы жігіттермен жекпе-жек өткізгенін қалар едім. Егер үшеуін де жеңе алсақ, ешкімде күмән қалмайды. Сонда айтар сөз де қалмайды. Оған лайықты бағасын беруге тура келеді", – деді Мендес Submission Radio-ға берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде октагонға шыққан. Қазақстандық спортшы сол жекпе-жекте ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен 2026 жылдың басында шығарылды.

2026 жылғы 1 мамырда Шавкат Рахмонов тізе жарақатының қайта асқынуына байланысты 6-8 айға жарыстардан шеттетілгені хабарланған. Қазір спортшы Германияда оңалту курсынан өтіп жатыр. Ол жаттығуға қайта оралу үшін алғашқы қадамдарын жасап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: