Гарри Кейн "Алтын доп" иегері атанды

Гарри Кейн "Алтын доп" иегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 09:31 Сурет: Instagram/harrykane
"Бавария" футбол клубының шабуылшысы Гарри Кейн 2026 жылғы "Алтын доп" сыйлығын жеңіп алды. Футболдағы ең беделді жеке марапат France Football журналы ұйымдастырған салтанатты рәсімде Лондондағы "Палладиум" театрында табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Чемпионат" басылымының жазуынша, марапатты жеңімпазға бразилиялық Роналдо табыстаған.

Бұл жолы әлемдік футболдағы ең беделді жеке сыйлық алғаш рет Франциядан тыс жерде тапсырылды.

Салтанатты рәсімді Лондонда өткізу туралы шешім 1956 жылы "Алтын доптың" алғашқы иегері атанған ағылшын футболшысы Стэнли Мэттьюстің құрметіне қабылданған.

"Алтын доп" сыйлығы жыл сайын француздың France Football журналы тарапынан үздік футболшыға беріледі. Былтыр бұл марапатты "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Усман Дембеле иеленген.

Бұған дейін Мбаппенің дубль жасауының арқасында "Реал" маусымдағы алғашқы "Эль-Класикода" "Барселонаны" жеңгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: