Арина Соболенко әлемнің екінші ракеткасы атағынан айырылып қалды
Сурет: Instagram/arynasabalenka
Матч бір сағатқа жуық уақытқа созылып, Свитолинаның пайдасына шешілді. Есеп – 3:6, 6:3, 1:6. Бұл жеңіс украиналық спортшыға №2 топта екінші орынға ие болуға мүмкіндік беріп, WTA-ның Қорытынды турнирінің жартылай финалына шығуға жол ашты.
Ал Соболенко топтық кезеңді үшінші орынмен аяқтап, плей-оффқа шыға алмады. Сонымен қатар, Арина 16 қарашадан бастап әйел спортшылар арасындағы әлемдік рейтингіде үшінші орынға түсіп, өз орнын Мирра Андрееваға босатты.
Өз кезегінде, 19 жастағы ресейлік теннисші осы күнгі екінші матчта сырқаттанып қалған чехиялық Каролин Мухованың орнын басқан отандасы Диана Шнайдерді ойсырата жеңді (6:2, 6:1).
Осылайша, алдағы түні жыл Қорытынды турнирдің жартылай финалында Мирра Андреева америкалық Джессика Пегуламен ойнайтын болса, Линда Носкова (Чехия) Свитолинамен кездеспек.
Арина Соболенкоға қайта оралсақ, ол бес жыл ішінде алғаш рет WTA Finals турнирінде плей-офф кезеңіне шыға алмай қалғанын атай кеткен жөн.
Әлемнің экс-бірінші ракеткасы жақында үздік теннисші мәртебесін қазақстандық Елена Рыбакинаға беріп қойған еді, ал дүйсенбіде оны Андреева да басып озады.
Алайда, егер беларусьтік спортшы ағымдағы турнирде сәтті өнер көрсетсе, екі күннен кейін оны Пегула да ығыстырып шығаруы мүмкін.