«Қазатомпромның» топ-менеджері алаяқтық бойынша сотталды
Сурет: Zakon.kz
"Антикордың хабарлауынша, 28 наурызда "Байкен-U" ЖШС Сатып алу және бизнес-әкімшілендіру департаментінің басшысы А. Құмарбек пен "М Транс-Строй" ЖШС директоры А. Шестопаловты айыпты деп таныған сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың біріне 30 млн және екіншісіне 45 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
А. Құмарбек алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, А. Шестопалов жұмыстарды сатып алу келісімшарты бойынша қаражатты кедергісіз аударғаны үшін 2 млн 250 мың теңге мөлшерінде пара бермек болғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
2021 жылдың шілдесінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" департаменттерінің бірінің басшысы 2 млн теңгеден астам пара алғаны үшін ұсталғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript