Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық ЖОО 117 млн теңгеге тендер арқылы кітап сатып алуды жоспарлаған

Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 20:43 Сурет: gov.kz
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мониторинг бірқатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жоспарланып отырған тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бағаны көтеру фактілерін көрсетті.

Мысалы, ағымдағы жылы мегаполистің жоғары оқу орындарының бірінде 117 млн теңге сомасына бір дана көлемінде кітап сатып алу жоспарланған болатын. Мониторинг барысында сипаттамаларда тауарлардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы жоқ екендігі анықталды, деп хабарлайды "Антикордың" баспасөз қызметі.

Департаменттің ұсынымдық хатынан кейін ұйым мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады. Өйткені мекеме атап өткендей, жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу порталында орналастыру кезінде техникалық қателік жіберілген, онда жоспарланған жұмыстарға сәйкес бір кітап емес, бір лот көрсетілген.

Айта кетейік, 2021 жылғы мониторингке сәйкес Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 13 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: