Журналист Махамбет Әбжан екі айға қамауға алынды – сот

Ақша бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 20:45 Сурет: видеодан алынды
Елорда сотының баспасөз қызметі ақша бопсалады деген күдік келтірілген журналист Махамбет Әбжанның екі айға қамауға алынғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Әбжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатқандығы да айтылады.

Құзырлы ведомство оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ақша бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін хабарлады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: