Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының "Антикоры" ArtSport бойынша ақша ұрлығына қатысты түсініктеме берді

ArtSport Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ArtSport бағдарламасы аясында ақша жымқыру фактісіне қатысты жүргізілген тексерулер бойынша Zakon.kz жолдаған сауалдарға жауап берді.

Берілген жауапта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер мен өкілеттіктерге сәйкес, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет ақшасын ұрлау фактілерін анықтау және оның жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізетіні айтылған.

Алайда, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес аталған ақпарат жария етуге жатпайды. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Ондағылар қазіргі уақытта Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы мен оның қарамағындағы қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын нақтылады. Олар ЖШС директорымен алдын ала сөз байласу арқылы спорттық құрал-жабдықтарды жалға алу, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алу бойынша жалған шарттар ресімдеп, ЖШС директорының туыстарының банктегі шоттарына жалпы сомасы 369 млн теңгені негізсіз аудару арқылы бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ, 2022 жылы Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-практикалық орталығы" КМҚК директоры Е.Б. Назаровқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, іс жүргізуді аяқтады.

Тергеу барысында Е.Б. Назаровтың 2022 жылғы мамырда әртүрлі ЖК өкілдерінен "Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына нормативтік қаржыландыру" ("ArtSport") мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаланың жалпы білім беретін мектептеріндегі спорт залдар мен үй-жайларды пайдалануға бергені үшін 1 800 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алғаны анықталды.

2022 жылы 11 тамызда Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен Е.Б. Назаровқа ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін үш жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Бұдан бөлек, 2022 жылы 6 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыру" мемлекеттік бағдарламасын ArtSport.edu.kz платформасы арқылы іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша "Әділ жолы" РҚБ-ның Алматыдағы филиалының директоры Б. Е. Мақұлбаевтың арызын тексеру үшін Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: