Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысын өткізді

Комиссия отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 21:00 Сурет: akorda.kz
Отырыста Еуропа Кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдары талқыланды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қабылдау мақсатында ГРЕКО ұйымымен өзара қарым-қатынас орнатуға баса назар аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсынымдарын пысықтау және іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ, отырыста Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында мемлекеттік органдар атқарып жатқан жұмыстардың жай-жапсары талқыланды.

Жиында аталған Кешенді жоспарды өз деңгейінде іске асыру, оның орындалуына нақты мониторинг жүргізу және көлеңкелі экономиканы азайту үшін қабылданатын шараларға түзетулер енгізу жайында айтылды.

Комиссия отырысындағы талқылаулардан кейін жиында қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: