Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Қарабұлақта дүниеге келген. Саяси тарих пәнінің сертификатталған оқытушысы, қоғамдық саяси ғылымдар академиясының академигі. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы әкімдігінде бастаған. Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығын басқарды, мемлекет басшысының кеңесшісі болды. Қазір Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады