Жаңалықтар тізбегі
0

Көшербаев Қырымбек

Қырымбек Көшербаев – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. Дипломат, саясат ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты. 1955 жылы 20 мамырда Қазалы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы ПМК-да инженер, өндіріске дайындық тобының бастығы қызметтерінен бастаған. Кейін Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінде қызмет етті, Мәскеудегі КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Министрлер кабинеті аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, БҚО әкімі қызметтерін атқарған. Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресейдегі, Финляндиядағы және Армениядағы елшісі болды. Маңғыстау облысының әкімі қызметінен кеткеннен кейін ол президенттің кеңесшісі, кейінірек премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Мемлекет басшысы Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2019 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: