«ВКонтакте» қолданушылары құпия қоңыраулар жасай алатын болды

vesti.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2018 19:48 vesti.ru
Жаңа мүмкіндік қазірдің өзінде iOS және Android қолданушыларына қол жетімді.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісі мобильді қосымшаларға шифрлау технологиясы арқылы қорғалған аудио және видеоқоңыраулар қызметін енгізді. Жаңа қызмет iOS және Android-құрылғыларының пайдаланушылары үшін қол жетімді, деп хабарлайды vesti.ru

Қоңырау жасау үшін профильдегі немесе диалогтағы "Қоңырау соғу" түймесіне басу керек. Еnd-to-end шифрлау түрі қауіпсіз байланысты қамтамасыз етеді. "Пайдаланушы құрылғысында жұмыс істейді, сондықтан әңгіменің не жайында болғанын ешкім біле алмайды - дейді жасаушылар. - Кілттерді ауыстыру және құрылғыдан тыс ақпаратқа қол жеткізу техникалық жағынан мүмкін емес».

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2018 19:48

Технология пайдаланушыларды тікелей байланыстырады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, «трафик ВКонтакте серверлері арқылы әңгімелерге техникалық қолжетімділіксіз беріледі», - дейді компания. Құпиялылық параметрінде қоңырауды кімнен қабылдауға болатынын белгілеп қоюға болады - барлық пайдаланушылар, тек достар немесе жеке контактілер.

Шифрланған қоңыраулардың қызметі рет-ретімен қосылады. Егер сіздің достарыңыздың туған күні болса, оны "ВКонтакте" сайтындағы аудио немесе бейне қоңыраулармен құттықтай аласыз. Қоңыраудың соңында қоңырау қызметі екі жақта да пайда болады, содан кейін олар функцияларды басқаларда да белсендіре алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: