WhatsApp уақыт үнемдейтін жаңа қызмет түрін іске қосты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 18:14 Сурет: zakon.kz
Енді қолданушы басқа қолданушының жіберген сілтемесіндегі видеоны көру үшін чаттан шықпаса да болады.

WhatsApp мессенджерінде Instagram және Facebook желілеріндегі видеоларды көрсететін жаңа функция пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Hi-Tech сайтына сілтеме жасап.

Енді қолданушы басқа қолданушының жіберген сілтемесіндегі видеоны көру үшін чаттан шықпаса да болады. Себебі видео қосымшаның ішіндегі «Суреттегі сурет» режимінде ашылады. Сол себепті қолданушы да видеоны көре отырып, сонымен қатар әңгімелесушіге хабарлама жібере алады. Жаңа қызмет түрі iOS және Android смартфондарында қолжетімді. Оны пайдалану үшін қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеу қажет.

Еске сала кетейік, сәуір айында WhatsApp-та өшірілген файлдарды қалпына келтіретін функция пайда болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: