Суицид, темекі, секс. Қазақ актерін Жапония несімен таң қалдырды
Қазақстандық актер Санжар Мәди өз парақшасында Жапониядан көргендерін айтып, ол елдің қандай ерекшеліктеріне таң қалғанын жазыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, Санжардың ойынша Жапония туралы топ 15 факт мынадай екен:
1. Виза тегін. Оны Нұр-Сұлтандағы Жапония елшілігінде жасап береді.
2. Отельдердің бағалары әртүрлі.
3. Бір тойып жейтін тамақтың бағасы әртүрлі, 2.200 теңгеден басталады (5.5$).
4. Көшедегі халықтың бәрі сүйкімді, жүздері ашық-жарқын.
5. Көлік қымбат. Таксиге міне сала 2.500 теңгеңді/23$ дайындай бер). Метро 600 теңге/1.5$.
6. Ресторандарда капучино жоқ.
7. Унитаздардың бәрі электронды, жылыту функциясы бар, түрлі дыбыстар шығарады.
8. Ағылшын тілінде аз сөйлейді.
9. Барлық жерде ит ұстап жүруге рұқсат.
10. Полиция мен жедел жәрдем дауыс күшейткіш арқылы кешірім сұрап, асығыс екенін, қызылға өтуге мәжбүр екенін хабарлайды.
11. Суицид өте көп. Сондықтан барлық көпірлер мен көру алаңдары қоршаумен қоршалған.
12. Темекі тартуға қатаң тыйым. Тек арнайы орындарда ғана шегуге болады.
13. Аниме мен фетиш көп. Қайда барсаңыз да ересектерге арналған журналдар толып тұрады.
14. Apple pay кей жерлерде жұмыс істемейді.
15. Мұражайлардың барлығы дерлік тегін.