Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирус жыныстық жолмен де жұға салады

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 18:58 Depositphotos
Тексерілген 36 науқастың алтауының, немесе 16 пайызының ұрығынан SARS-CoV-2 іздері байқалған.

Қытайлық ғалымдар коронавирустың адамнан адамға жыныстық жолмен жұғуға қабілетті екенін растады. Бұл туралы Journal of the American Medical Association басылымында жарияланған зерттеуге сілтеме жасаған Reuters хабарлайды.

Кеселдің жаңа жұғу жолына Шанцю (Қытай) қалалық ауруханасында еркек кіндікті пациенттерді тестілеу нәтижесінде алынған деректер меңзейді. Тексерілген 36 науқастың алтауының, немесе 16 пайызының ұрығынан SARS-CoV-2 іздері байқалған.

Мамандар нақтылағандай, тексерілген пациенттер аурудан жазылып келе жатқан, бірақ сонда да коронавирус жұқтырушы болып қала берген.

Дәрігерлер бұған дейін де COVID-19 қоздырушылары адамның ұрығында болуы мүмкін екенін тұспалдаған. Алайда бұған дейін 12 науқас еркектің SARS-CoV-2-ге тапсырған ұрықтарының тесті теріс нәтиже көрсеткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: