Жаңалықтар тізбегі
0

Ashyq қосымшасының баламасы пайда болды

скриншот скриншот
Aitu қосымшасында Ashyq функционалы бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Қазақстанда бизнес нысандарына еркін кіру үшін қолданылатын Ashyq қосымшасына балама ретінде Aitu қосымшасы ұсынылды. Егер техникалық жұмыстар салдарынан Ashyq қосымшасы қолжетімсіз болса, онда Aitu-ды пайдалану мүмкіндігі бар, дейді ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Бірнеше апта бұрын BTS компаниясы Ashyq қосымшасын Aitu-мен интеграциялауды ұсынған болатын. Біз келістік, себебі мультиплатформалық қағиданы ұстанамыз, мысалы мемлекеттік қызметтерді банк қосымшаларына шығарып едік қой, сол сияқты. Неге Aitu? Біріншіден, BTS - мемлекетпен жұмыс істеген компания. Яғни олар деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік туралы меморандумға қол қойған. Екіншіден, Aitu да Ashyq сияқты жай ғана құрал, онда ПТР республикалық базасындағы мәліметтер сақталмайды, тек қана қажетті ақпаратты бір реттік көрсетілім үшін "тартады". Aitu-да Ashyq пилоттық тәртіпте жұмыс істеуде, ресми түрде кейінірек қосылуы керек еді. Бірақ функционалды сынақтан өткізетін кез келген сияқты, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Aitu-дағы Ashyq-ты қалай қолдану керек? https://i2.app.link/OrbgU0JOdgb сілтемесі арқылы өтіп, Aitu қосымшасын жүктеп, "Қосымшалар" бөлімінде "Ashyq" енгізіп, орнатасыздар.

Aitu қосымшасында Ashyq функционалы бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, жуырда Ashyq функционалы үшінші қосымшада пайда болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз