WhatsApp жаңа функцияны іске қоспақ
WhatsApp мессенджерін жасақтаушылар "реакция" топтамасын, яғни хабарламаға эмоция арқылы қысқаша жауап беру мүмкіндігін сынауды бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
WABetaInfo атап өткендей, Whatsapp мессенжерін әзірлеушілер жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Енді, хабарламаларға көңіл-күй белгісімен жауап қатуға болады. Бұл функция Facebook Messenger, Instagram, Twitter, Signal, Slack секілді қосымшалар әлдеқашан қолдана бастаған. Алдағы уақытта олардың қатарына Whatsapp желісі де қосылмақ.
Негізінде, бұл арада эмоция арқылы хабарламаларға жылдам жауап беру туралы айтылып отыр. Әрине, қосымшаны пайдаланушылар хабарламаға тырнақша арқылы көңіл-күймен жауап жібере алады, бірақ жаңа мүмкіндік бұл процесті жеңілдетеді.
Хабарламаларға тез жауап беру үшін көңіл-күй арқылы реакция білдіруге болады. “Тап” түймесін ұзақ басу (сізге жіберілген хабарламаны басып тұру) бірнеше көңіл-күй смайликтерін тудырады: лайық, жүрек, "ха-ха" деген сынды. Жауап жазып жатқаннан, көбіне осылай эмоция таныту арқылы жауап қату өте ыңғайлы әрі оңтайлы.
“Тестілеу аяқталған соң бұл функцияны iOS және Android құрылғыларында қолдануға мүмкіндік беріледі. Ол үшін мессенджердің соңғы нұсқасын жүктеу керек”, - дейді мессенджер әзірлеушілері.