Осал тұстарды шұғыл реттейді: Apple iOS жаңартушы-қосымшаны шығарды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 20:42 pixabay.com
Ресми сайтта оның CoreGraphics құрылымы мен WebKit браузері жүйесіндегі осалдықтарды реттейтіні айтылады.

Apple компаниясы "қауіпсіздіктің маңызды жаңартуларын қамтитын және барлық пайдаланушыларға орнатуға ұсынылған" iOS 14.8 жаңартушы қосымшаны шығарды, - деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Компания қауіпсіздікті күшейту үшін (бағдарламалық жасақтамадағы ақауларды жоюға немесе оның функциясын өзгертуге арналған код) шұғыл әрекет етуші бағдарлама құрды.

Ресми сайтта оның CoreGraphics құрылымы мен WebKit браузері жүйесіндегі осалдықтарды реттейтіні айтылады. Бірінші жағдайда, шабуылдаушылар зиянды PDF файлын ашқан кезде, ал екіншісінде олар зиянды веб-парақша арқылы құрылғыны бұзуы мүмкін еді.

Осындай осал тұстарды 7 қыркүйекте Торонто университетінің Citizen Lab мамандары анықтап, дереу гаджет өндірушісіне хабарлаған. Сарапшылардың пікірінше, бағдарлама iPhone, iPad және Mac-тың пайдаланушыларына қауіп төндірмейді, себебі олар осы қосымшаны жүктеуге қолайлы құрылғылар.

Жайна Тәттімбетова

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: