WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 16:30 Pixabay
Танымал мессенджердің жаңалығы дауыстық хабарлама жіберуді ұнататындарға арналған.

Әзірлеушілер атап өткендей, WhatsApp қолданушылары дауыстық хабарламалар жазбасын паузаға қоя тұра алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Танымал мессенджердің жаңалығы дауыстық хабарлама жіберуді ұнататындарға арналған.

Бағдарламаны жасаушылар қолданушы дыбыстық хабарламаларды қалаған жерінен тоқтатып, сосын сол жерден жалғастыра тыңдауға болатын функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Хабарлама бір файлмен жіберіледі, - делінген хабарламада.

Жаңа түймені iOS және Android жүйелерінің қолданушылары пайдалана алатыны айтылды. Ол үшін хабарлама жазу интерфейсінде пайда болатын пауза түймесін басу керек. Бірақ WhatsApp қосымшасының мүмкіндіктерін әзірлеушілер әлі де зерттеп жатыр.

Жаңа фунцияның шығатын нақты күні әзірге белгісіз, дейді әзірлеушілер.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: