Қазіргі сымсыз құлаққаптар денсаулыққа қаншалықты қауіпті?
Сарапшылар денсаулықты күтіп жүру үшін қазіргі заманауи технологияларды байқап қолдануға кеңес береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшылар Bluetooth құлаққаптары миға әсер етуі мүмкін деп, оны ұзақ уақыт пайдалануға болмайды деп ескертеді. Қатерлі ісік ауруын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттік ұялы телефондар мен Bluetooth құрылғылары шығаратын электромагнитті сәуле адамға қауіпті канцероген деп жіктеді, дейді ИноСМИ Al Arabiya-ға сілтеме жасап.
Алайда, Bluetooth құрылғылары шығаратын электромагнитті сәуленің деңгейі тым төмен екені атап өтіледі, сондықтан адамға ұзақ уақыт бойы радиациямен тікелей байланыста болған жағдайда ғана қауіп төнеді.
Сымсыз құлаққапты қолдану мен қатерлі ісік ауруының арасында тікелей байланыс болмаса да, сарапшылар Bluetooth құрылғыларын қолданатын адамдар денсаулыққа қауіпті азайту үшін қарапайым сақтық шараларын сақтау керек дейді.
Ол сақтық шаралары мынау:
- Смартфонды бетіңізден кемінде 30 см қашықтықта ұстаңыз.
- Егер ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, динамикті қолданыңыз.
- Bluetooth құрылғыларын тек сенімді өндірушілерден сатып алыңыз.
- AirPods немесе басқа сымсыз құлаққаптарды күні бойы пайдаланбаңыз. Егер үйде музыка тыңдағыңыз келсе, телефон динамигін қолданыңыз.
- Сымсыз құлаққаппен ұйықтамаңыз.
- Сымсыз құлаққаптарды пайдаланбайтын кезде оны құлағыңыздан шығарыңыз.
Бақытжан Отарбаева