Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымшада
Ол қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді смартфондағы бейнеқоңырау функциясы арқылы алуға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтар қашықтан, нақты уақыт режимінде жұмыссыздық, жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны алуға өтініш бере алады, АХАТ-тан куәліктердің көшірмесі мен анықтамаларды сұрата алады. Сондай-ақ білім туралы құжаттардың телнұсқаларын, жоғары сұраныстағы анықтамаларды (соттылықтың болмауы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, зейнетақы аударымдары туралы және т.б.) рәсімдей алады, тіпті тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуден шығарып, ЭЦҚ және т. б. танымал 24 қызмет түрін ала алады.
«Карантин жағдайы цифрлық инновацияларды қолдану аясын кеңейтті. Біз бейнеқоңырау көмегімен жиналыстар өткіздік, балалар сабақтарын онлайн оқыды, енді мемлекеттік қызметтерді де осылайша алуға болады.
Жұмыс принципі қарапайым, клиент оператормен бейнеқоңырау арқылы байланысады, ал сұратылған құжаттарды ұсыну мессенджерлердегідей жүргізіледі. Біз қосымшаны бірнеше ай бойы сынақтан өткіздік, функционалы пысықталды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артты. Бұл қосымша ХҚО жұмысының жаңа форматына айналады. Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин
Қосымшаның тағы бірнеше функционалы бар. Клиент ХҚО-ға онлайн кезекке тұрып, QR-кодтың көмегімен талон алып, бөлімшенің жұмыс тәртібі мен мекенжайын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады. Одан бөлек ХҚО-ға келушілер санын көріп, өзіне ыңғайлы адам аз орталықты таңдай алады.
«ХҚО» мобильдік қосымшасын пайдалана бастау үшін Digital ID немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмір арқылы кіруге болады. Қосымша Play Market және App Store-де қолжетімді.
Бүгінгі таңда қосымшаны 5 мыңнан астам қазақстандық жүктеп үлгерген, ал ХҚО операторлары бейнеқоңырау арқылы 6 мыңнан аса қызмет көрсеткен.