Қытай БҰҰ-ға Илон Масктың жерсеріктеріне қатысты шағымданды
Қытай билігі БҰҰ-ға көмекке жүгініп, Илон Масктың Starlink ғаламдық жерсерік жүйесіне баса назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Reuters.
2021 жылы Қытайдың Tiangong орбиталық станциясы SpaceX құрылғыларымен екі рет бетпе-бет соқтығысып қала жаздағаны, әйтеуір дер уақытында бұрылып үлгергендігі айтылады.
Қытайдың бұл мәлімдемесін тәуелсіз сарапшылар әлі тексерген жоқ, Маск компаниясы да болған жағдайға түсініктеме беруге асықпайды.
SpaceX компаниясы Starlink кең жолақты желісіне арнап 1900-ға жуық жерсерік жіберді. SpaceX 2020 жылы АҚШ-тың солтүстігінде және Канадада ақылы интернет қызметін ұсына бастады. 2021 жылдың тамызына қарай Starlink бета-тестерлерін әлемнің 14 елінде 100 мыңға жуық адам пайдаланатын деңгейге жетті.