Илон Маск Twitter-дің топ-менеджерлерін жұмыстан босатты
Twitter-дің бас директоры Параг Агравал, қаржы директоры Нед Сигал мен құқықтық саясат, сенім және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Виджайя Гадде қызметінен босатылды, деп хабарлайды CNBC өз ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Маск аталған үш адамның платформадағы фейк аккаунттардың санына байланысты дұрыс ақпарат бермей өзін әрі инвесторларды шатастырды деп айыптады.
Мәміле аяқтала салысымен штаб-пәтерде болған Агравал мен Сигал осылайша ғимараттан бірден қуылды.
Маск бұған дейін қызметкерлердің 75 пайызын жұмыстан шығармайтынын айтқан.
Алдыңғы күні таңертең Илон Маск әлеуметтік желідегі парақшасында Twitter жазуын Chief Twit деп өзгертті және компанияның штаб-пәтеріне барды. Миллиардер әлеуметтік желіде осы сапарының видеосын жариялады. Видеода ол қол жуатын орынға арналған шұңғыл бұйымды қолына ұстаған күйі әлеуметтік желінің бас кеңсесіне кіреді. Ағылшын тілінде шұңғылша - sink, яғни "жапырғыш" деген мағынаны да білдіреді, ал етістік түрінде sink — бір нәрсеге басымен қойып кету, тану дегенге келеді.
"Let that sink in!" деп жазды Маск желіде.
— Elon Musk (@elonmusk) October 26, 2022Entering Twitter HQ – let that sink in! pic.twitter.com/D68z4K2wq7
Маск бұған дейін желіде "құс еркіндікке жіберілді" деп твит жазып, платформа алда да жек көрушілікті қоздырушы мазмұндағы жазбаларды қатты қадағалайтынын айтты.
Bloomberg дереккөздеріне сәйкес, Маск бас директор рөлін өзіне алады, бірақ ұзақ мерзімді перспективада ол бұл лауазымнан бас тартуы мүмкін. Twitter акциялары бейсенбіде шамамен 54 долларға дейін өсті.
Енді Маск контентті жаңғырту мен сервиске жарнама орналастыру тәсілдерін түбегейлі өзгертеді деп күтіледі.
Масктың келесі қадамы - өмір бойына қолдануға тыйым салынған Twitter аккаунттарын қалпына келтіру. Мәселен, оның ішінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп та бар. Бұл туралы жаңалық 31 қазанда пайда болуы мүмкін.