Жаңалықтар тізбегі
0

WhatsApp чаттарды Android-тен iOS-қа қауіпсіз тасымалдауды іске қосты

whatsapp Сурет: pixabay
WhatsApp 17.22.77 нұсқасын жаңартып, App Store арқылы iOS үшін жаңасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірлеушілер ресми өзгертулер журналында чаттарды Android-тен iOS-қа қауіпсіз тасымалдау мүмкіндігі туралы айтты.

Біраз уақыттан кейін WhatsApp App Store-да әуелі iOS 12-де, одан кейін барлық пайдаланушы үшін қолжетімді болатын жаңартуды шығарды.

Өзгерістер мынадай:

  • максимал файл өлшемін 2 ГБ-қа дейін шектеу,

  • 512 қатысушыдан тұратын топ құру мүмкіндігі,

  • чат тарихын Android жүйесінен iOS жүйесіне тасымалдау.

Move to iOS қолданбасы арқылы чаттарды iOS жүйесіне тасымалдағыңыз келсе, онда арнайы нұсқаулық бар. Чатты тасымалдауға дайын екеніңізге көз жеткізу үшін WhatsApp қолданбасының Android нұсқасын жаңартыңыз.

Сақталған чаттарды Android жүйесінен iOS жүйесіне тасымалдау мүмкіндігі барлық пайдаланушыға қолжетімді. Ол үшін App Store дүкенінен iOS жүйесіне арналған WhatsApp қолданбасын жаңарту қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: