WhatsApp-тың уақытша өшіп қалуына Meta-дағы ақау себеп болған
Сурет: pixabay
WhatsApp әлеуметтік желісіндегі ақауларға Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Франция, АҚШ және басқа да елдер шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 қазанда WhatsApp мессенджерінің дұрыс істемеуіне Meta тарапынан жіберілген техникалық ақаулар себеп болды, деп жазды Bloomberg.
Біз мәселені шештік әрі қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздің тарапымыздан кеткен техникалық ақау салдарынан мессенджер аз уақытқа өшіп қалды, – деді агенттікке компания өкілі.
Желінің жұмысына шағымдар Қазақстан, Ресей, Швейцария, Израиль, Испания, Египет, Сауд Арабиясынан түсті. Қолданбаға кіру, хабар жіберу және файлдарды ашу кезінде қиындық туды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript