Хакерлер 3,2 млн қазақстандық WhatsApp қолданушыларының деректерін қолды қылды – БАҚ

Хакер, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2022 19:59 Сурет: pixabay
Танымал хакерлік форумда WhatsApp қолданушыларының 500 миллионға жуық телефон нөмірлерінен тұратын база сатылымға қойылған, олардың арасында кейбір қазақстандықтардың да нөмірі жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cybernews басылымының мәліметінше, хакерлердің тырнағына 84 мемлекеттің тұрғындары ілінген, олардың 3,2 миллионға жуығы Қазақстан қолданушылары көрінеді. Аталған мессенджердің 2 миллиардтан астам қолданушысы бар десек, ұрланғаны оның төрттен бір бөлігін құрайды.

Сұранысқа сәйкес WhatsApp дерекқорын сатушысы басылым зерттеушілеріне үлгі тізім деректерімен бөліскен. Жалпы үлгіде 1097 британдық және 817 америкалық қолданушылардың нөмірлері көрсетілген.

Cybernews үлгіге енгізілген нөмірлерді зерттеп, олардың барлығы мессенджер қолданушылары екенін растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: