Қазақстанда балалар SIM картасы енгізіле ме

Балаларға арналған SIM-карта, Цифрлық дами министрлігі, бала, смартфон, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 13:36 Сурет: pixabay
25 сәуірде Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин балалар SIM картасын енгізіле енгізу мүмкіндігі жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдат Мусин балаларды заңсыз контенттен қорғаудың түрлі нұсқалары зерттеліп жатқанын айтты.

"Біз бәріміз, негізінен, балаға қажет емес сайттар бұғатталып, тек дамуға көмектесетіндері ғана қалатын балаларға арналған "ақ интернет" мәселесін зерттеп жатырмыз. Біз осыны іске асыруды жоспарлап отырмыз және ондай тарифтік жоспарды ұялы байланыс операторлары сатады", – деп жауап берді ол.

Сондай-ақ ол қазір әртүрлі мобильді тарифтер бар екенін, "тағы бір тарифтік жоспар артық етпейтінін" айтты.

Сәуірдің 21-і күні Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларға арналған SIM-карта енгізу идеясы туралы айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: