Жаңалықтар тізбегі
0

WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады

WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады Сурет: pixabay
Енді WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар мен файлдар Google Drive бұлтына орналасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

WhatsApp-тың ресми сайтының хабарлауынша, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасаймын деп шешсе, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі.

"Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек", - делінген хабарламада.

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.

Бұған дейін WhatsApp енді канал ашуға болатынын хабарлаған еді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: