SpaceX: Starship кемесімен байланыс үзілді
Әуе кемесі АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 09:25-те (Астана уақыты бойынша 18:25-те) көкке көтерілді.
SpaceX мәліметтері бойынша, ұшудың басталуы мен бірінші кезеңі өте сәтті өткен, Super Heavy-дың бірінші сатыдағы Raptor қозғалтқыштарының барлық 33-іде штаттық режимде жұмыс істеп тұрды.
Starship - ғарыштық ұшыру үшін жасалған ең үлкен және ең қуатты жүйе, оның бірінші сатысы – Super Heavy - Raptor 33 қозғалтқышпен жабдықталған. SpaceX иесі, кәсіпкер Илон Маск Starship-ті болашақта Ай мен Марсқа ұшыру үшін пайдалануға болатын көлік жүйесі ретінде таныстырады.
Кеменің алғашқы сынақ ұшырылымы өткен жылы сәуірде болды. Ол кезде ұшырылған зымыран бірнеше минуттан соң, бақылаудан шығып, көп ұзамай көзі жойылды.
Екінші сынақ ұшырылымы 2023 жылдың қарашасында өтті, бірақ сатылар сәтті бөлінгеннен кейін көп ұзамай кеме орбитаға жетпей құлады.