Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырды
Сурет: mercedes-amg
20 мамырда Mercedes-Benz компаниясы өз тарихындағы ең қуатты сериялық автокөлікті – электрлі AMG GT 4-Door моделін таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автокөлік брендінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл – Mercedes-AMG GT желісіндегі алғашқы толық электрлі көлік. Модельдің ең қуатты нұсқасы 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 2,4 секундта жетеді. Ал оның ең жоғары жылдамдығы – 300 км/сағ.
"Көлік бір қуаттаумен 700 шақырымға дейін жүре алады. Ал жылдам қуаттау жүйесі аккумуляторды 10%-дан 80%-ға дейін шамамен 11 минутта толықтырады", – делінген модель сипаттамасында.
Сондай-ақ бренд жаңа AMG Force S+ функциясын таныстырды. Бұл режим қосылғанда электромобиль бензинмен жүретін V8 қозғалтқышының дыбысын салып, соған ұқсас әсер береді.
Жаңа электрокардың сатылымы биыл басталады.
Бұған дейін BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript