Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға келген шетелдіктер енді турист жарнасын жаңа ережемен төлейді

Қазақстанға келген шетелдіктер енді турист жарнасын жаңа ережемен төлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 14:55 Сурет: unsplash
1 тамыздан бастап шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережесі күшіне енді. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі бұйрығына сәйкес туристік жарна жергілікті мәслихаттар анықтайтын 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейінгі белгіленген мөлшерлемеде қолданылады.

Еске сала салайық, 2023 жылдың басынан әкімдіктердің бюджетіне шетелдіктер төлейтін туристік жарна есебінен шамамен 314 млн теңге түсті.

"Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна осы жылдың басынан бастап алынады. Дегенмен, кәсіпкерлермен және қонақ үй бизнесінің өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша туристік жарнаның мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Бұрын ол АЕК емес, тұру құнының пайызымен есептелетін. Мұндай жарналар - шетелдік туристерге қолайсыздық туғызбайды, ал әкімдіктердің бюджетін толықтыруға мүмкіндік береді, бұл жалпы әлемдік тәжірибе. Қазіргі уақытта туристік жарна төлеуден босатылатын адамдардың санаттарын анықтау мәселесі пысықталып жатыр. Алайда, бұл заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді, сондықтан оған ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін", – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

ен жылдың сәйкес кезеңіндегі турист саны бойынша статистикалық деректер негізінде айқындалады. Егер шетелдік туристер бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда аз болса, онда мәслихат мөлшерлемені ең төменгі деңгейге дейін азайтуы мүмкін. Ал, туристер саны өссе, жарна мөлшерін 0,2 АЕК, 0,3 АЕК, 0,4 АЕК және 0,5 АЕК белгіленген сома шегінде ұлғайтуға болады.

Туристік жарна мөлшерлемесін маусымға байланысты, алайда жылына екі мәрте ғана өзгертуге рұқсат беріледі. Шетелдіктерден туристік жарна хостелдерден, қалалар мен аудандардағы жалдамалы тұрғын үйлерден басқа орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынады. Жарты күн үшін де жарна толық күн ретінде есептеледі.

Туристік жарна орналастыру орындарында тіркелген кезде төленеді. Ол тұру құнына қосылмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: