Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жаңарды

Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жаңарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 13:28 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Министрдің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау қағидаларындағы маңызды өзгерістер туралы хабарлайды.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғылар мен электрондық темекілерді тасымалдауға қойылатын талаптарға елеулі өзгерістер енгізілді. 

Мысалы, жаңа талаптар бойынша багажда литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (планшеттер, сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.

Сонымен қатар багажда электрон темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Осыған байланысты жолаушылардан көрсетілген заттарды қол жүгінде тасымалдауын сұраймыз: 

  • ноутбуктер; 
  • ұялы телефондар; 
  • камералар; 
  • планшеттер; 
  • электрон темекі;
  • литий-ионды батареялары бар барлық электрон құрылғы;
  • қосалқы батареялар мен қуат банктері.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: